20
маусым
2026
Туребаева Рыза Умирбековна
Туребаева Рыза Умирбековна1967 жылы 06 қыркүйекте туған.1987 жылы Шымкент қаласындағы педагогикалық училищесінің «Мектепке дейінгі» факультетіне бала бақшасының тәрбиешісі мамандығы бойынша оқуға түсіп, сол жылы қыркүйек айынан бастап мемлекеттік №5 «Аққу» балабақшасында тәрбиеші болып еңбек жолын бастаған.
2011 жылы «Аққу» балабақшасында әдіскер қызметіне ауысты.
2017 жылы 1 қыркүйектен «Еркетай 777» бөбекжай балабақшасы жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде меңгеруші міндетін атқарып келеді.
2018 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығы бойынша жоғары оқу орнын аяқтаған.
Грамоталармен марапатталған.
Түркістан облысының білім басқармасының алғыс хатымен марапатталған
Отбасылық жағдайы: 3 ұл, бір қыз тәрбиелеп өсірген. Аяулы ана, ардақты әже.